Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан тұрғыны үйін жылдар бойы қоқысқа толтырып келген

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2019
  • 3222

Нұр-Сұлтанда үйіне қоқыс тасыған көршісінен зәрезап болған тұрғындар шу шығарды. Айтуларынша, плюшкинизм ауруына шалдыққан қоңсылары қазір жындыханаға тоғытылған. Туыстарын ешкім көрмепті. Ал бос қаңырап жатқан үйдегі қоқысты шығаруға ниетті бірде-бір мекеме жоқ. Тұрғындар қай есікті қақса да, «біз жауап бермейміз» деп шығарып салады екен. Сасық иістен әбден қажығандардың жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.

- Ну вонь, смотрите, больной человек

Әлеуметтік желіде тараған мына видео жаға ұстатты. Тұрғындар көршілерінің мұндай қылығы барын ол жындыханаға тоғытылғаннан кейін бір-ақ білген. Ал одан бері 3 жыл өтті.

РУСЛАН ТУТКУШБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қоқыс осылай сасып тұра бере ма? Бізді кім ойлайды? Үйімізді талай рет дезинфекцияладық. Оған да қанша шығын кетті. Енді ана үйдегі қоқысты да біз шығаруымыз керек па? Неге зардабын біз тартуымыз керек? Әкімдіктегілер полицейлерге барыңдар, ал олар пәтер иелері кооперативіне деп, бір-біріне сілтеп тынды.

Көріп тұрғандарыңыздай, мына көп қабатты үйдегі бос қаңырап жатқан пәтердің есігі кілттенбеген. Ал ішіне кірсеңіз, тау-тау болып жиналып қалған қоқыстың иісі қолқаны қабады. 

Жағымсыз иіс үйге кіргеннен сезіледі. Ал пәтерді көртышқандар мен тарақандар жайлаған.

Георгий, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тышқан кірмес үшін бәріміз мысық ұстап отырмыз. Алдындары бұл пәтерде үй-күйі жоқ қаңғыбастар да паналап жүрді. Бала-шағамыз үшін алаңдадық. Учаскелік инспекторды шақыртып, бұл маңды тазарттық. Бірақ олардың тағы да келіп жүрмесіне кім кепіл?

Пәтер иелері кооперативі мәселеден хабардар. Өзін мекеменің диспетчерімін деп таныстырған қызметкер бұл жағдайдың оңайлықпен шешілмейтінін айтты. Себебі "біреудің жеке меншік үйіне рұқсатсыз кіре алмаймыз" дейді.

Но там же людей нету, сын в психбольнице. Там на уровне акимата и выще. Там окружающая среда занимался. Никто ничего не придпринял. А КСК какое имеет права там что-то сделать.

Ал заңгер бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тікелей осы мекеменің міндеті. Ал олар өз кезегінде үй иесінің қамқоршысына арыздануы тиіс.

Аржан САДУАҚАС, ЗАҢГЕР:

"Егер оның туысқандары жоқ болса, онда бір мекені тағайындайды. Мысалы, бізде организациялар бар. Әрекетке қабілетсіз адамдардың құқықтарын қорғайтын. Соларды да қоюлары мүмкін.Бірақ ол мекеме болады. Жалғыз тұлға емес. Егер қолданбаса ешқандай шара, былай переводить стрелки дейді ғой, біз ондай жасай алмаймыз десе, онда сотқа жүгіну керек та тұрғындар өздері"

Бұл бірінші жағдай емес. Атыраулық әйелдің 20 жыл жинаған қоқысы 30 тоннадан асты. Алматыда да 70 жастағы қарттың плюшкизм дертіне шалдыққаны белгілі болды.  

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: 

Бұндай психологиялық бұзылыстар көбіне бала кездегі ата-аналардың тарапынан көп мейірім көрмеген адамдар осындай психологиялық бұзылыстар хуардинг бұзылыстары байқалатын болады. Бұндай бұзылыстар шизофренник ауруына шалдыққандарда да, ақыл-есі кем адамдар да мұндай синдром плюшкина кездесіп жатады.

Ал сасық иістен қалай құтыларын білмеген астаналықтар пәтер иелері құлақ аспаса, сотқа шағымдануға бел буып отыр.    

А. Мүтәлі