Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде "Адам өлтіру" бабымен күдікке іліккен оқушы ісіне қатысты сот басталды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2019
  • 2978

Ақтөбе облысында 17 жастағы бозбала аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Ол өз қатарласын пышақтап, өлтіріп алды деген күдікпен 8 ай қамауда болған. Оқушының ісін қарауды бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот қарауына алды. Әріптесім Бақыт Рахметова тақырыпты тарқатады. 

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айыпталушы орындығында Шалқар ауданы нөмірі 6-шы орта мектептің оқушысы. Ол сол күнгі қанды оқиға болмағанда, бүгін қатарластарымен 11 сыныпқа бару керек еді. Алайда, 8 айдан бері қамауда отыр. Құрдасын төбелес барысында пышақтап өлтірді деген күдікке іліккен.

Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауды бастады. Сотталушының өзі алқа билердің қатысуынан бас тартқан.  

Айнұр ДОСМЫРЗАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: 

Кәмелетке толмаған Сабыр өзінің іс әрекетімен адам өлтіру яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды, кәмелекетке толмағанға қарсы жасап ҚР ҚК 99 бабы 2-ш тармағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.  

Сот залында оқылған деректерге сүйенсек, оқиға биыл 26 қаңтар күні Шалқар ауданындағы Шалқар көлі мұз айдынында кешкі уақытта болған. Төбелес нөмірі 6-шы орта мектеп пен Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектептің 10 сынып оқушыларының арасында басталған. Екі бозбала өзара жанжалдасып, 15 жастағы жасөспірім ауыр жараланған.  

Жұмабек ОРАЗАЛИН, ЖӘБІРЛЕНУШІ: 

Балам на месте өліп қалған ғой. Тамыр үзіліп кетті ма жүрекке кірген пышақ. Сегіз ай жүрген адамның қалай көңілі толады. Уайымнан ұйқы жоқ. Түңіліп кеттік қой өмірден. Заң бар ма, жоқ па түсінбей қалдық. Өзі мойындап тұрған адамды неге 8 ай тексере береді.

Ал, айыпталушының жақындары ұлдарының қорғануға мәжбүр болғандығын айтып отыр.  

Алмагүл СҮЛЕЙМЕНОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ: 

Қайтыс болған бала маңдайына пистолет тақаған. Пистолет тақалған соң менің баламда 16 жастағы бала жыламай тамақ, шай ішпейтін бала ғой. Барлығының да балаларын бар ғой. Мен ешкімге претензия айтпаймын. Бірақ менің балама жиырма бала қорлық жасаған.

Сотта айыпталушының қорғаушысы да сотталушының басына қару тақалғанын айтты. Сол қаруды қылмыстық іске тіркеуді сұрады. Жәбірленуші тарап болса сотқа куәгер шақыртуды сұрады.   

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

17 жастағы жеткіншектің кінәсі дәлелденсе, ол «Адам өлтіру» бабы бойынша жазалануы мүмкін. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Б. Рахметова