Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда алғаш рет сән апталығы халықаралық дәрежеде өтті

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2019
  • 5079

Қазақстанда алғаш рет сән апталығы халықаралық дәрежеде өтті. Бұл жолы 28 дизайнер жаңа киім үлгілерінің топтамасын таныстырды. Отандық жас дизайнерлерден бөлек, әлемдік бренд өкілдері де маусымның сән үлгілерін жарыққа шығарды. Ұйымдастырушылар қазақстандық сәнқойлардың беделі әлем нарығында жылдан жылға өсіп жатқанын айтады. Оған биылғы сән апталығына шетелдік дизайнерлерде қатысуға ниет білдіргенін дәлел етті. 

Ирина БАЙЖАНОВА, EURASIAN FASHION WEEK-ТІҢ БАС ПРОДЮСЕРІ: 

Биылғы жылғы маусымға франциялық Имми-Кимми брендінің дизайнері Анри-Филипп қатысып отыр. Одан қалса, өзге де шетелдік қонақтарымыз баршылық. Барлығы да, біздің дизайнерлердің еңбектерін жоғары бағалайды. Қазақтың ұлттық қол өнері мен сәндік бұйымдары биылғы маусымдағы сәннен көруімізге болады. 

EURASIAN FASHION WEEK апталығында қазақи нақыштағы киімдерді, еуропалық стильмен ұштастырған үлгілер ұсынылды. Дизайнерлер биылғы маусымда осындай киім үлгілері сәнге айналғанын айтады. Алғаш таныстырлған мұндай топтамалар бірден сатылымға шығарылды.