Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілсе, көптеген әлеуметтік сұрақтар шешіледі,- Т. Коммунарұлы

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2019
  • 2676

Жолдауда елдің әл-ауқатын жақсартуға қатысты біраз тапсырмалар жүктелді. Студиямызға осы Жолдауға қатысты бірқатар сұрақтарымызға жауап алу үшін Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Тоқтар Болысовты шақырған едік. Кеш жарық, Тоқтар Коммунарұлы! 

- Бүгін Президент зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі қажет деді. Бұл айналымдағы ақша екені белгілі. Бұдан ел экономикасы зардап шекпейді ме?

Жалпы ол ақшаның қолданылып жатқаны ашық түрде пайдаланылады. Менің ойымша, жалпы біздің Қазақстанның азаматтарына әсіресе, жастарға ол ақшаға Президент айтқандай білім алу немесе үй сатып алу. Егер соған рұқсат етілсе, көптеген әлеуметтік сұрақтар шешілуші еді. Неге десеңіз? Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы қаласында үйсіз жүрген жастардың саны өте көп. Егер соған рұқсат берілсе, көптеген әлеуметтік сұрақтар шешілуші еді. Жас отбасылардың сұрағы да шешілуші еді. Қарап көрсек, экономика нашар жері болады деген ойда емеспін.

- Елдегі шағын бизнес кіріс салығынан босатылмақ. Ол келесі жылдан бастап күшіне енеді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына қаншалықты серпін береді ?

15 жыл бұрын болған жағдайды қарап көрсеңіз, ол уақытта кәсіпке кедергілер көп еді. Менің әке-шешем де кәсіппен айналысқан. Күн сайын полиция жағынан да, салық жағынан да көптеген тексерулер келетін болған. Бүгін қарап көрсеңіз, ондай көп тексеріс жоқ. Бірақ соның өзінде аудан-ауылдарда, облыстарда сол мәселе бар. Егер бүгін Президент айтқандай келесі жылдан бастап мораторий енгізілсе, алып жатқан ақшаның бәрі ашық көрсетіледі де және болашақта дұрыстап салық төлейді деген сенімдемін. Және де болашақта экономика үшін жақсы шешім болады деген ойдамыз.

- Жолдауда балаларға жасалған қылмыстар үшін жаза қатаңдатылады делінді. Бұл қандай жауапкершілік болуы мүмкін? Өлім жазасына мораторий алына ма?

Өлім жазасына мораторий алынады деген қазір ерте деп ойлаймын. Бірақ, әйелдерді зорлаған адамдар мен педофилдерге қарап көрсеңіз 2-3 жыл түрмеде отырып, ары қарай өзін жақсы көрсеткені үшін оны босатады. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Себебі, біздің елімізде ең қорғалмаған топ – әйелдер мен балалар деп ойлаймын. Мысалы ер адам өзіне жауап бере алады күшімен болса да. Ал ондай күш балаларда да, әйелдерде де жоқ. Сол себепте Президент айтқандай заңды күшейтсе, болашақта педофилдер азаяды деп ойлаймын.