Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына есеп берді

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2019
  • 1798

Қарулы күштерде оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау бойынша шаралар жүріп жатыр. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп берген Қорғаныс министрі осылай деді. Нұрлан Ермекбаев армия заманауи әскери техникалар мен жаңа қару-жарақтармен жабдықталып жатқанын да айтты. Ал Елбасы алдағы жылы елордада өтетін Жеңістің 75 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылда жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асырды. Оның ішінде «Айбалта-2019» стратегиялық оқу-жаттығуы, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өткізілді.

Д. Қайыртай