Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы шыны зауытында АҚШ-тың «Стюарт Инжиниринг» компаниясының үлесі бар - Қ.Көшербаев

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2017
  • 3464

Қызылордадағы шыны зауытында америкалық "Стюарт Инжинирниг" компаниясының 15 пайыз үлесі бар. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Атышулы зауыт құрылысын аяқтауға "Чайна Триумф" компаниясы тартылған. Құрылысқа қажет заттардың 97 пайызы Еуропа мен АҚШ-тан жеткізілген. Зауыт келесі жылы маусымда іске қосылуы керек. 2015 жылы басталған құрылыс жұмыстары тоқырауға ұшыраған ды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев құрылысқа бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталған. Қылмыстық іс те қозғалды. Жоба іске асса, онда гаджеттерге қолданатын ультражұқа шыны шығаруға мүмкіндік бар.