Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда алдағы бес жылда 11 жоба іске қосылмақшы

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2019
  • 1922

Атырауда «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік кеңес құрылды. Мақсат - осы саладағы проблемаларды жедел шешу. Бұл туралы бүгін облыс активтері бас қосқан жиында белгілі болды. Бас қосуда Жолдауды қолдау үшін жасалатын нақты қадамдар пысықталды. Алдағы бес жылда 11 жоба іске қосылып, екі мыңнан астам адамға тұрақты жұмыс беру жоспарланып отыр.

Атырау мұнай мен газ шикізатына ғана тәуелді болмауы тиіс. Сол үшін экономиканы әртараптандырып, аймақтағы алпауыт компаниялардың маңына шағын және орта бизнесті топтастыру қажт. Аймақ басшысы осылайша отандық кәсіпорындарды экспортқа бағыттау - уақыттың талабы екенін ескертті. 

Нұрлан НОҒАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Болашақта халықты жұмыспен қамтудың, табысын өсірудің негізгі көзіне айналдыруымыз қажет - шағын және орта бизнесті. Қажетті құрылымдық өзгерісті жүзеге асыра отырып, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік бар. 

Күні бүгін аймақта елу мыңға жуық шағын және орта кәсіп субъектісі тұрақты жұмыс істеуде. Жиналғандар келесі жылдан бастап олардың саны да, сапасы да артатынына сенеді. Өйткені кәсіп иелерін салықтан үш жылға босату туралы заңнамалық өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Ал Арман Қасымовты 2020 жылды - еріктілер жылы деп белгілеу ерекше қуантты. Ол 10 жылдан бері жедел жәрдем саласында ерікті түрде қызмет етеді. Бүгін ол өз ұсыныстарымен бөлісті.

Арман ҚАСЫМОВ, ЕРІКТІ:

Өзім еріктілік тәжірибем бойынша жедел-жәрдем бригадасымен бірге шақыртуларға келгенде, жиі көретініміз адамдар, қала тұрғындары телефонға түсіріп немесе көмек көрсеткісі келсе де қалай көрсететін білмейді. Сол себептен мектептерде және басқа да оқу орындарында көптеген мастер кластар, тегін факультативтер ұйымдастырсақ, 3-4 жылда соның нәтижесін көресіз деп сенімдімін. 

Кеңеске жиналған: Жолдау - жаңа істердің бастамасы. Оны жүзеге асыру тек билікке жүктелген міндет емес екенін айтты. Қоғам боп жұмылса, тек облыс орталықтары емес, шағын ауылдар да оның игілігін көреді,- деп тарқасты.

Б. Нәдірқызы