Русский Сайттың толық нұсқасы

Киевтегі Порошенконың резиденциясына әскерилер тартылып жатыр

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2017
  • 2675

Киевтегі Жоғарғы рада маңында өзгеше қозғалыс байқалады. Шерушілер палаткаларын далаға ас ішетіндей етіп ыңғайлаған.  Рейтерстің хабарлауынша, олардың әзірге кететін ойы жоқ. Алаңда 5 мыңға жуық адам жиналған. Арасында оппозиция өкілдері бар.

Олар депутаттарды қолдауға шыққан жаңа заңды алып тастап, коррупцияға қарсы сот құрып, сайлау заңнамасын өзгерту керек деп есептейді. Егер билік талапқа көнбесе президент Поршенконы кетіру керек дейді. Ал кешегі қақтығыс бойынша әзірге мардымды ақпарат жоқ. Дегенмен билік қамдана бастаған сыңайлы. Президенттің күзеті күшейген. Бұл туралы Facebook парақшасында «Өз өзіне көмек» партиясы фракциясының өкілі жазған. Оның сөзінше, резиденция маңындағы жолдар жабылған, әскерилер мен жүк көліктері көбейген. 

Богдан Лозитский:

Билік біздің басты талапты біліп отыр. Парламент қабылдамай отырған үш бірдей заң жобасын қабылдауды сұраймыз. Талабымыз орындалмаса, осында қалуға әзірміз. Қажет болса, бір ай, екі ай уақыт жата береміз.