Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда тағы да жылу құбыры жарылды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2017
  • 1908

Қызылжарда жерасты жылу магистралі жарылды. Төтенше жағдайдың себебін жылуға жауаптылар бірнеше сағат бойы іздеп, әуреге түсті. Маңайдағы тұрғын үйлер уақытша өзге магистральден жылуға қосылды. Энергетиктер, жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталады, деп сендірді. Жылу жүйелеріндегі апат қазан айында екінші рет тіркеліп отыр. Осыған дейін де жоғары қысымға шыдас бермей құбыр жарылып, жол ортасында ірі шұңқыр пайда болды. Жалпы, Петропавлдағы жылу жүйелерінің 70 пайызы әбден тозған. Оларды жөндеуге 12,5 миллиард теңге бағытталмақ. Қомақты қаржының басым бөлігін республикалық бюджет пен Еуропа даму және қайта құру банкі бөледі.