Русский Сайттың толық нұсқасы

«AIQYN» газетіне Нұрмұхамед Байғараев келді

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2019
  • 4058

Бүгін «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетіне жаңа бас редактор келді. Нұрмұхамед Байғараевты «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей ұжымға таныстырды. Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияда білім алған. Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та тәжірибе жинақтаған. Ал, «Aiqyn» газеті болса, бүгінде белді қазақ тілді басылымдардың бірі. Ол 2004 жылдан бері жарық көріп келеді. Газет 160 мың данамен руспубликаға тарап отыр.