Ұлттық кеңес мүшелері қоғамдағы ең өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін білдіре алды. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен алғашқы отырыстың жұмысын Ерлан Қарин осылай қорытындылады. Президент кеңесшісінің айтуынша, енді ұсыныстар мен идеялар бір құжатқа жинақталады. Кейін оны жұмыс топтары пысықтап, жүйелеуі керек. Сөйтіп Кеңестің келесі отырысында нақты өзгерістер тізімі қаралмақ.
Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ :
Бүгінгі айтылған ұсыныстар - мемлекет пен қоғам дамуының барлық салаларын қамтиды. Яғни саяси даму бағытын, экономикалық даму бағытын да, әлеуметтік даму бағытын да. Әр түрлі ой-пікірлер айтылды. Ұлттық кеңес - ашық пікірталас алаңы ретінде өзін анық көрсете білді.
Д. Қайыртай