Русский Сайттың толық нұсқасы

Арқалықта зорлау кезінде екіқабат болып қалған қыздың ісі бойынша ешбір күдікті анықталған жоқ

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2019
  • 2962

Арқалықта зорланған қыздың ісі бойынша ешбір күдікті анықталған жоқ. Генетикалық сараптама кезінде жәбірленуші нұсқаған 14 адамның арасында баланың биологиялық әкесі жоқ болып шықты. Қостанайлық полицейлер осындай мәлімдеме жасады. Олардың мәліметінше былтыр 22 жастағы қыз 8 ай бұрын зорланғанын айтып, шағымданған. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, жәбірленуші көрсеткен күдіктілердің барлығына қатысты сот-генетикалық сараптамалар тағайындалады. Алайда сараптамалар теріс нәтиже көрсеткен. Сақшылар оларды тұтқындауға заңды негіз жоқ деп, тергеуді тоқтатқан. 

Қанағат ШӘУЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің көрсеткен адамдарына қатысты толық тергеу амалдары жүргізілді. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде баланың әкесін анықтау мақсатында барлық күдіктілерге қатысты сот-генетикалық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша көрсетілген адамдарға тиесілі болмай шықты.

Еске салайық, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде заңгер Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы сұмдық оқиғаны жеке бақылауына алуын сұраған еді. Оның айтуынша, жәбірленуші зорлаған жігіттердің бірінен екіқабат болып, босанып та алған көрінеді. 

З. Санай