Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандық 9 оқушы газға уланып қалды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2019
  • 3117

Елордалық мектепте 9 оқушы газға уланып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты мектеп басшылығы растады. Оқыс жағдай кеше түскі ауысымдағы сабақ кезінде болған. 5-ші сынып оқушысы, қалтасына салып алып келген бұрышты баллонды үзілісте түсіріп алған. Оны сыныптасы аяқ киім бояуы екен деп ойлап шаша бастаған. Мұны байқаған орыс тілі пәнінің мұғалімі, жедел жәрдемді шақырған. Осы жайтқа байланысты ішкі істер мамандары профилактикалық шараларды бастады. 

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ :

Осындай фактілерді болдырмау үшін, шаралар қабылдау туралы мәселе мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қаралады. Сонымен қатар, мектеп инспекторы заңды өкілдерімен, яғни ата-аналармен профилактикалық жұмыстар, оқушылармен сынып сағаттарын жүргізуде.

Уланған оқушылар алғашқы медициналық көмектен соң үйлерін босатылған. Мектеп директоры мән-жайды анықтапты. Ол оқушысының бұрышты баллонды ата-анасының рұқсатынсыз алып келгенін айтты. Дегенмен ата-анасы құрылғыны қорғану үшін арнайы алып берген деп отыр. 

Шәкәрім СЕЙСЕНБАЙ, №54 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:

Мектебіміздің ережесінде бар ондай ешқандай өткір, жарылғыш,улы заттарды алып келуге болмайды.Себебі, қаншалық ата-ана өз баласын ойлағанымен бұл мектепте оның жалғыз баласы оқымайды. + Сол себептен , мектептің өзіміздің қауіпсіздік шараларын қайтадан ол кісіге ескерттік, түсіндірдік ондай болмайтындығын, мектепке алып келуге болмайтындығын түсіндірдік.