Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жеңгетайлықпен» айналысқан экс-депутаттың ісі сотқа жетті

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2017
  • 2150

Рудный қалалық мәслихатының экс-депутаты Юлия Каралаштың ісі қазан айының соңында қаралады. Сот отырысы жабық тәртіпте өтеді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Қалалық мәслихаттың бұрынғы депутатына жеңгетайлық жасап, жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға итермеледі деген айып тағылып отыр. 25 жастағы Юлия Каралаш депутат болып сайланғанға дейін ірі кәсіпорындардың бірінде қызмет атқарған. Таяуда ол мандатынан бас тартқан болатын. Ал Рудный қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі  бойжеткеннің депутаттық құрамнан шығарылғанын мәлімдеген.