Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ғасыр бұрын қолданылған заттар көрмеге қойылды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2019
  • 2394

Оралда көне дәуірдің тілсіз куәгерлері қойылған көрме ашылды. Тұтас бір бөлмені алып тұрған ғасырмен құрдас құнды жәдігерлердің арасында сол кездегі тұрмыстық жиһаздар, қымбат ыдыс-аяқ пен граммофон, бу үтігі мен көне тігін мәшинесі де бар. Ұйымдастырушылар бұл заттардың көбісі көпшілік назарына алғаш рет ұсынылғанын айтады. 

Бұл граммофонның жасалғанына ғасырдан асқан. Даусы әлі сыңғырлап тұр. Ал бөлменің ортасындағы үстелге сыры кетсе де, сыны кетпеген фарфор ыдыс-аяқ қойылыпты. Ағаштан қиылып жасалған үстел мен орындықтар да бір ғасыр бұрын қолданылған дейді мамандар. Арада ғасыр өтсе де, жұпар иісі әлі аңқыған иіс сабын осыдан 123 жыл бұрын Санкт-Петерборда жасалған екен.

Айжамал ӘБДІРАХМАНОВА, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

- Музейдегі қандай да бір түпнұсқа жәдігер баға жетпес құндылық болып табылады. Табалдырықтан аттағаннан-ақ әрбір біздің келушіміз сол заманға енгендей күй кешсе деген мақсатта өткізген болатынбыз.

Е. Карин