Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ын шетелдік маман басқарады

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2019
  • 2331

Қазақстан Темір жолы «Жолаушылар тасымалының» басқару тізгіні шетелдік компанияға берілді. Енді акционерлік қоғамды германиялық Михаэль Кортюм басқарады. Өзге елден тек бас директор емес, тағы 14 маман тартылып отыр. Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, неміс мамандары Жолаушылар тасымалына жаңа стандарт енгізу үшін қажет болған. 

Қайрат АСҚАРОВ, "ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Шетелдік компаниядан мамандар келгенімен, өзіміздегі қызметкерлерді қысқартпаймыз. Компания арқылы министрлік жаңа деңгейге шығуды жоспарлап отыр. Оған «Эйр Астана» компаниясын мысалға алуға болады.

Әзірге жолаушылар тасымалындағы заңсыздық тыйылмай тұр. Адамдарды пойызға билетсіз мінгізіп, ережені бұзғандарға биыл 13 млн теңге айыппұл салыныпты. Алыпсатарлармен де арпалыс күшейген. Жыл басынан бері бұлар 800 мыңнан аса айыппұл арқалады.  

Жәнібек ТАЙЖАНОВ, ҚР ИИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жақында тексеру қызметі реформаланды. Егер бұрын бұл қызмет «Жолаушылар тасымалының» штатында болса, қазір қызметті өзімізге ауыстырдық. Яғни қазір тексеру қызметі ҚТЖ-ға тікелей бағынады. Көлік комитетімен бірлесіп, рейд жүргіздік. 534 жолаушылар пойызы тексеріліп, ереже бұзғандарды анықтадық.

А. Бектас