Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте мектеп оқушыларының төбелесінен бір оқушы жараланды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2019
  • 4241

Шымкенттің білім мекемелерінде тағы да шу шықты. Бұл жолы мектеп оқушылары арасында қарулы қақтығыс болып, бір оқушы жараланды. Куәгерлер оқушылардың бір-біріне қару кезенгенін айтты. Жанжалдасқан қай мектептің балалары? Төбелеске не себеп? Айзада Төребекқызы анықтауға тырысты. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ :

Мектеп оқушылары арасындағы қарулы қақтығыс тап осы жерде болған. Тапа-тал түсте екі мектептің оқушылары топтасып, бір-біріне тас атқан. Куәгерлердің сөзінше, тіпті екі рет оқ та атылыпты.

Тал түсте болған төбелеске 30 шақты бала қатысқан.  

КУӘГЕР:

Бірінің арқасынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында обрез. Біреуінде ОСА-ау деймін, екі рет атты. Тура Сайрам мөлтек ауданы, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластар таспен ұрды. Бірін бірі қуалап, ақырында біреуін мына жерге кеп пышақтады, сол кезде полицейлер келді.

Пышақталған № 65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жараланған оған жедел-жәрдем шақыртылыпты. Бұзақылық жасаған бес-алты баланы полиция алып кетті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Қылмыс орнында көршілес № 46 мектеп-лицейінің директоры да жүр. Алайда қандай да бір ақпарат айтқысы келмей, жауапты қысқа қайырды.  

- Алып кеткені № 46, екеуі. Я пока ничего незнаю, по этому ни каких комментариев. -Қай кластың балалары? - 10-шы кластың балалары.   

Жанжалдасқан көршілес екі мектептің жоғары сынып оқушылары көрінеді. Сол маңда болған оқушының бірі төбелеске өзара мықтыны анықтау себеп болғанын айтты. Ал жарақаттанған баланың ұстаздары оқушының жанжалға қатысы жоғына сенімді. Білулерінше сабақтан шыққан шәкірті полицияға өзі хабар берген.   

Гүлнағира СЕРАЛИЕВА,  Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ № 65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Неге, не жағдай десек, бұл балалар топырлап бізді қуды. Мен әдейі полиция шақырту үшін балаларды ұстап тұрдым, полиция кеп балаларды ұстағанша деп..міне баламыздың қолынан жарақат алды. Димаш деген өзіміздің оқушы бала. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Алғашқы медициналық жәрдем келім қолына жәрдем жасады. Қазір анасымен бірге хирургқа кетті көрсетуге.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Тергеп-тексеріп, анықтау шаралары жүріп жатыр деген құқық қорғаушылар сұқбат бермеді. Ал дәрігерлер жарақат алған оқушының жағдайы жақсы болған соң үйіне шығарылғанын хабарлады.   

А. Төребекқызы