Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік кәсіпкерді өлтірген киллер оны бірнеше күн бойы аңдыған

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2019
  • 2863

Шымкентте бизнесменді тапсырыспен өлтірді деген айыппен күдікті ұсталды. Ол полицейлерден елу күн бойы бой тасалап жүрген еді. Қанды қылмыс 19-шілде күні күндізгі уақытта болды. Қаскөй кәсіпкердің көлігімен үйінің қақпасынан шыққанын аңдып тұрып, аңшы мылтықтың шүріппесін басқан. Ауыр жараланған 54 жастағы бизнесмен жан тапсырған болатын. Осы оқиғадан соң марқұмның бизнестегі серіктесі ұсталды. Тергеу барысында қылмыс нақ соның тапсырысымен жасалғаны әшкереленген. Тапсырыс берушінің өзі 25-шілдеден бері қамау абақтысында. Ал марқұм кәсіпкердің құдайы қоңсылары тапсырыспен кісі өлтірушінің бұл маңды бірнеше күн қатарынан торуылдап жүргенін байқаған екен. Әйтсе де арам ойға бармағанын айтады. 

Әсел СӘДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны және ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

- Этот парень ходил тут 8 дней. Он был в желтой куртке, лицо на половину закрыто маской, в очках был. Рюкзак у него был на спине большой. Подозрительный показался. Мы подумали, что он рабочий. Мой сын спросил у него «Где твои работники?» Он промолчал. 

А. Төребекқызы