Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында алтынды белден қазған қылмыстық топ құрықталды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2019
  • 3412

Жамбыл облысында алтын жинаған қос қылмыстық топ құрықталды. Олар Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы маңындағы таулы алқапта ұсталған. Ым-жымы бір, қылмыстық топтардың бірінде 3 адам, ал екіншісінде 4 адам бар. Полиция оларды құрамында алтыны бар кен тастарын жинап жүрген жерде байқаған. Құрықтау кезінде кен тастары салынған төрт қап тәркіленді. Құзырлы орган дерегінше әбден әккі болған олар, жинағандарын артуға 3 көлікпен келгенін жеткізді.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Ұсталғандар 25-35 жас аралығындағы бұрын сотты болмаған азаматтар. Қылмыстық кодекстің 334-бабының 1-бөлігімен «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тәркіленген заттардың құрамын, салмағын анықтау мақсатында бірқатар сараптамалар кешені тағайындалды. 

Д. Әлімқұл