Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2019
  • 1749

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Нұрсұлтан Назарбаевтің қабылдауында болды. Кездесуде төменгі палатадағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жұмыс жоспары талқыланды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгінде Мәжіліс депутаттары бірқатар маңызды заң жобаларын дайындауға кіріскен. Соның ішінде үш жылдық бюджет жобасы, салық, әкімшілік және кеден кодекстері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар бар. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламасы мен ұлт жоспарында айтылған міндеттерге басымдық беріліп жатқаны сөз болды. Басқосуда қыркүйектің соңында өтетін Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің кездесуіне дайындық барысы да қозғалды. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үлкен халыақаралық жиынға 65 мемлекеттің Парламенттік делегациясы келетін болды. Бұл жалпы ең соңғы е 20 жылдың ішінде ең жоғары деңгейде өтіп жатқан Парламениттің жиыны. Ал биыл ол сіздің Еуразия елдерінің 25 жылдығына кезінде Москвада жария болған, сол 25 жылдыығна арналып отыр.