Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдан келген отбасы Қояндыдағы жерін даулап жүр

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2019
  • 2900

Қытайдан Елорданың іргесіндегі ауылға көшіп келген отбасы жерін даулап жүр. Олар жер телімін осыдан 3 жыл бұрын 10 мың долларға сатқан адам ақшаны қалтасына басып, алдап соқты деп отыр. Енді не жері, не ақшасы жоқ. Тілші материалында толығырақ. 

Бұл отбасы 2000 жылдан бері Қоянды ауылында тұрып келеді. Атажұртқа Қытайдан көшіп келген қандастардың алғашқы мақсаты - жер телімін алып, ірге бекіту болатын. Айтуларынша ауылға белгілі делдалға жиған-тергендерін ұстатыпты. Шағын үй соғып, жөндеу де жасатқан. Енді жайғаса бергенде жердің иесі табылған көрінеді.   

Шолпан СЕРІК, ЗАРДАП ШЕГУШІ:  

2016-да Сандыбай Бақыт осы жерді көрсетіп берді. Алдық үйді. Содан жер алдық, оған үй салдық. Үйге кіріп болғаннан кейін, басқа кісілер келді. Жер біздікі деп. Ол кісілердің құжаттары қолында толық бәрі жақсы заңды жүзінде болды. Сосын қыс айында біз бұл үйден шығып кеттік. Содан күні бүгінге дейін жүрміз, сотқа барамыз, күнде сот нәтижесі әлі болған жоқ.

Соттың шешімімен күдікті жер теліміне мен үйге кеткен қаражатты қайтаруға және олардың жалдап отырған пәтер ақысын төлеуге міндеттеледі. Бірақ жәбірленушілер үкімінің ешқайсы орындалмады деп отыр.   

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: 

Мұнда сатып алу, сату шарты орындалмаған. Азаматтар жер телімін сатып алу барысында міндетті түрде жер телімінің актісі болуы керек. Және әкімдіктің қаулысы, міндетті түрде сонымен танысу арқылы, нотариус арқылы жүзеге асырылмаса, ол келешекте құжаттарды рәсімдеп берем деу, былайша айтқанда, бұл жағдайда заң тұрғысынан қауіптер көп.

Әділеттілік іздеген Шолпан соңына дейін бармақ. Сотқа тағы да шағымданған.  

Айбек ЖҰМАШҰЛЫ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Қазіргі уақытты сот мәселені қарап жатыр. Соттың соңғы шешіміне сай мемлекеттік мекеме өз тарапынан іс-шара қабылдайды.

Жанар АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:  

Енді олар кірпішін өздері қалаған баспанасы болса да, көрші үйдің құжырасын жалдап тұруға мәжбүр. Себебі заң бойынша ол жер телімі басқа адамға тиесілі.

Ж. Арғынова