Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелін "Nur Otan" партиясы тексереді. Бұл туралы аймақта өткен саяси кеңес отырысында айтылды. Партиялықтардың айтуынша, паромды жалға беру келісімінде заңбұзушылықтарға жол берілген. Кәсіпкер өткелдің техникалық жағдайын жасамаған көрінеді. Сондықтан оның бірі істен шыққан. Ал шенеуніктердің бизнесменді тексеруге мүмкіндіктері болмаған. Бұған дейін ауыл тұрғындары өткелдің жағдайына қатысты шағымданған еді. Бүгін әкімдіктегілер тасымалдаушымен келісім бұзылатынын мәлімдеді. Бірақ саяси кеңес сүшелері тексеріс жүргізу керек деп отыр. Әзірге ол желтоқсанға дейін жұмыс істей тұрмақ.
Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жалға беру келісімінде бақылау тетіктері жоқ. Бұл дегеніміз ол кез келген кезде басқарудан бас тарта алады. Сәйкесінше, мүлікті бізге нашар күйінде қайтарады. Біз арнайы топ құрып, міндетті түрде жазаға тартамыз.