Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскерилердің ерліктері ескерілді

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2019
  • 3370

Арыстағы жарылыстан қаза тапқан екі әскери қызметші, мемлекеттік наградамен марапатталды. Аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов әскери бөлімде келісім-шартпен жұмыс істеп келген. Қорғаныс министрі ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерін, марқұмдардың туыстарына салтанатты жағдайда табыстады. Бауыржан Әлімбековтың артында анасы, жары мен төрт перзенті қалды. Ұл-қызының алды жеті жаста болса, кенжесі небәрі алты айлық. Өрт кезінде ауыр жараланған Әбдіқұл Ахметов болса, ауруханада көз жұмған. Оның 2 жасқа толмаған қызы бар.

Еркебұлан ЕСЖАНОВ, МАРҚҰМ АҒА СЕРЖАНТ Б.ӘЛІМБЕКОВТІҢ ӘРІПТЕСІ: 

Бауыржан қойылған тапсырманы дер кезінде және сапалы орындайтын жігіт еді.  Өртке қорықпай ұмтылып, бірінші жүгірген. Ол спортсмен. Оның жүгірісі де өте жылдам болғандықтан ол брінші жетті, бірінші жетпеген енді, өртке қарай қалай бұйырды, солай жүгірген ол жігіт.

Арайлым ҚАДЫРОВА, МАРҚҰМ СЕРЖАНТ Ә.АХМЕТОВТІҢ ЖҰБАЙЫ: 

Анамыздың бір ұлы он балаға таритын болса, кешегі жағдайда жүз солдатқа татитындай ерлік көрсетті. Енді мен айта алам бағым жанған қызбын деп, ондай ер азамат бұл дүниеде енді жоқ.

Еске салайық, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімге тиселі қару-жарақ сақталған қоймада жойқын жарылыс болған еді. Қаладағы көптеген үйлер мен әлеуметтік нысандар бүлініп, ел үдере көшті. Жарылыс салдарынан екі әскери мен қала тұрғыны көз жұмды. Ондаған адам жараланған болатын.