Батыс Қазақстанда ауылдасының көзіне пышақ тығып өлтірген мүгедек, 6 жылға темір торға қамалатын болды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот жария етті. Судьяның айтуынша, сотталушы ауылдасының екі көзіне 4 рет пышақ салған. Артынан жылу батареясына байлап, полицияға өзі хабар берген.
Бақыт ЕРМАХАНОВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сотталушы Қалиевтің омыртқасынан алған зақымы, ІІІ топ мүгедектігі, ауыратыны, асырауында екі жас баласы бар екенін ескере отырып, 6 жыл тағайындап отыр.
Жаға ұстатқан бұл оқиға 27-ші сәуірде Жәнібек ауданында болды. Судьяның айтуынша, қаза тапқан жігіт, айыпталушының әйелін зорламақ болған. Дегенмен, сот 36 жастағы айыпталушының әйелін қорғағанын алға тартып, оған жеңіл жаза қарастырыпты.
Е. Карин