Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендіктер мүлік және жер салығын төлей алмай сабылып жүр

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2019
  • 2819

Өскемендіктер мүлік және жер салығын төлей алмай сабылып жүр. Бірі түрлі сомма көрсетілген түбіртек алдық десе, біріне мүлде келмеген. Сондықтан қайда және қанша қаражат аудару керек деген сұраққа жауап іздеген халық, мемлекеттік кіріс департаментіне келді. Тақырыпты тілшіміз толықтырады. 

- Я сегодня пришла в налоговую, потому что 2 недели осталось до конца оплаты, квитанции до сих пор не получили.

Жұртты сандалтып қойған бір жапырақ қағаз. Бірі төлеуі тиіс қаражат көрсетілген түбіртекті ала-алмай жүрсе, ендігісі бір емес бірнеше рет алған. Бірақ әрқайсысында әртүрлі сомма көрсетіліпті.    

Кемелхан САПАРҒАЛИЕВ, ТҰРҒЫН:  

Үйдікі, дача, солардың барлығын білейік дегенбіз ғой, ал енді қағазы үйге келген жоқ. Содан осында келіп қарыз болады деген соң, 1-ші октябрьге дейін. Сол үшін алдын ала төлеп тастайық деп келгенбіз, қағаз алайық деп.

Светлана КУЗНЕЦОВА, ТҰРҒЫН:  

- У меня уже три квитанции пришло и 1 уведомление, я по нему оплатила. Сегодня приходит еще одна потом еще одна, я ничего не понимаю.

Мүлкіне артық, жеріне кем төлеп қоймайын деген тұрғындар салық департаментінің алдында ұзын-сонар кезекте тұр. Басқаша жауап алу мүмкін емес. Терминалдар істемейді, ал залда консультанттар жоқ.  

- Біз үлкен, қария адамбыз 70-тен асқан. Аяқ та шыдамай бара жатыр. Бұл не дүние деп қоямыз. 

Мемлекеттік кірістер департаменті бұған азаматтардың деректер базасындағы олқылықтар себеп, деді.  

Сайранхан ҚАБЫШ, ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кейде бір қателіктер кетеді, данныйлардан қате кетуі мүмкін. Ол енді бізге байланысты емес ол, уәкілетті органдардан бізге келеді жыл сайын. Әр оценкасы бар, соған байланысты біз начисление жасаймыз.

«Қазпошта» бір жылға жуық уақыт бойы тұрғындар базасын өздеріне енгізіп келе жатқанын айтты. Бірінің аты-жөнінде қате болса, бірінің мекен жайы дұрыс емес. Сондықтан барлығын жіті тексеріп жатырмыз, дейді.   

Гүлжан РАХЫМБАЕВА, "ҚАЗПОШТА" АҚ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Бүгінгі күні салық комитетінде көшелердің өзгеруіне байланысты 4000 мекен - жай базаға түспей қалған. Сондықтан олар мүлік және жер салығына төлеуі тиіс сомма көрсетілген түбіртек алған жоқ.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл проблеманы аптаның аяғына дейін толық шешеміз деп уәде берді. Десе де жиналған жұрт 1 қазанға дейін осылай жалғасатын болса, салықты төлеп үлгермей қаламыз ба деп қорқады.

Ә. Өмірзақ