Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың зейнетақы аударымдары 10 трлн теңгеден асты

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2019
  • 1626

Қазақстандықтардың зейнетақы аударымдары 10 трлн теңгеден асып жығылды. Ал жылдық өсім 19 пайызды құрап отыр. finprom.kz сайты осындай ақпарат таратты. Порталдың мәліметіне сенсек, зейнетақы төлемдерінде де өсім бар. Жыл басынан тамыз айына дейін 124 млрд тг төленген. Ол былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 12 пайызға көп. Біз сұрау салған елордалық тұрғандардың да көпшілігі зейнетақы қорына ақша аударатын болып шықты. 

- Өзім аудармаймын, негізі.

- Жұмыс істейтін жерімізден аударып жатыр ғой.

- Иә, саламыз.

Зейнетақы қорында жинақтардың өсуімен қатар, әкімшілік шығындары да көбейіп жатыр. Аудиттелген қаржы есептемесінің нәтижесінде бірыңғай жинақтаушы қор ғимаратты жалға алу, көлік, қауіпсіздік, қызметкерлердің жалақысысы, ақпараттық жұмыстар мен коммуналдық қызметтерге 12,2 млрд теңге жұмсалатыны анықталған. Ал Қордағылар әкімшілік шығындарды азайту үшін 3 жылда штаттық орын 25 пайызға қысқартылылғанын алға тартады. 

Д. Қайыртай