Мектеп сөмкесі, оқушының өзінен үлкен. Бұған себеп ірі көлемдегі кітаптар. Оқушы сөмкесін жеңілдету қалай жүзеге асады? Бектілген норма қандай? Оқулық толы сөмкені өлшеген тілшіміз Жаннұр Әшір тақырыпты толықтырады.
Оқушы сөмкесінің ауырлығын ата-аналар да мойындайды. Сондықтан олар мүмкіндігінше сөмкені өздері көтеріп жүреді.
Тамара ГАНУШ, АТА-АНА:
Әрине, сөмке жеңіл емес. Шамам жеткенше немеремнің сөмкесін өзім алып жүремін. Үшінші сыныпқа көштік, сөмкеге тағы оқуылықтар қосылды. Баланың омыртқа қабырғасы үшін бұл үлкен ауырлық қой.
Ауыр сөмке бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы сыныптағы оқушыларда да байқалады. 7 сынып оқушысы Руслан тым ауырр рюкзагін өзі өлшеп көріпті.
Руслан КАНЦЕРОВ, 7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Менің ойымша сөмкем бір 12 келі шығады. Бүгін 6 ғана сабақ болды. Ал қалған күндері 7 сабақтан. Мен барлық кітаптарымды әдейі өлшегенімде таразы 20 келіні көрсетті.
Жаннұр ӘШІР, ТІЛШІ:
Бекітілген норма бойынша бастауыш сынып оқуышысының сөмкесі 2,5 келіден аспауы шарт. Ал шындыққа келгенде сөмке 4,5 келіден асып жығылады. Яғни, бұл көрсетілген нормадан екі есе жоғары.
Мамандардардың айтуынша сөмкенің ауырлығы бірнеше ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТАУАРЛАР ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Арқа ауруы, қолдың ұйып қалуы сияқты қызқа мерзімді белгілер болуы мүмкін. Бірақ болашақта тым ауыр салмақ көтерген балада сколиоз, лордоз бен кифоз сияқты бұлшық ет-сүйектің бұзылу қаупі жоғары.
Білім беру департаменті бала сөмкесінің ауырлығымен келіспейді. Олар оқулықтарды жыл сайын қатаң тексеріп, нормадан аспауын қадағалап отырғандарын айтты.
Талғат ЖАКЕНОВ, ҚР БҒМ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША САРАПШЫСЫ:
1 класстың оқулықтары үлкен, ірі. Үлкен размерде. Өйткені, 1 класстың жас ерекшелігіне байланысты олардың оқулықтарында иллюстрациялық суреттер көп. Сосын шрифтары, жазулары үлкен. Бірақ біз оқулықты жеңілдету үшін бір оқулықты екі бөлікке бөліп береміз.
Әр жылы туындайтын бұл мәселені шешу үшін, қазаннан бастап оқулықтары толықтай электронды нұсқаға көшіру қолға алынады. Алайда, бұл шешімнің қаншалықты ұтымды болатыны уақыттың еншесінде.