Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоқыстағы пластикалық қалдықтардан асфальт жабындысы жасалады

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2019
  • 3305

Қоқыстағы пластикалық қалдықтардан асфальт жабындысын жасауға болады. Бұл жобаны қостанайлық Әлішер Құсайынов Павлодарда өткен нетворкинг алаңында айтты. Ол өз идеясын іске асыратын демеуші іздеп жүр. Жастар ұйымдарының бас қосқан жиынына әріптесім Өзгеріс Қуанар да қатысты. 

Павлодарға Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан жастар жиналды. 18 бен 29 жас аралығындағы олардың әрқайсысы заманға сай келетін өз жобаларын ұсынды. Әсіресе қоқыс қалдықтарындағы пластикадан асфальт жабындысын жасау идеясы көптің қызығушылығын тудырды.   

Әлішер ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ): 

Осындай бір проблема бар. Мысалға пластикалық асфальт. Ол жай асфальттан 20 есе шыдамды. Сондықтан да менің ойымша, бір іспен екі проблеманы шешуге болады

Нетворкинг - бұл еркін форматтағы жастардың тәжірбие алмасу алаңына айналды. Осымен 6-шы рет ұйымдастырылған форум екі күнге жалғасты. 200-ге жуық жас буын өкіліне өз саласының үздіктері де дәріс оқыды.    

Лаура ДЕМЕСІНОВА, "БОЛАШАҚ" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Мысалға ол нетворкинг дегендей трениг, мастер-класс, конференциялар өткізіп, жастар өз ішіндегі ойларын алмасады және шақырылған мықты мықты спикерлерден жаңа бірдеңе үйреніп, жаңа жобаларға қол жазады деп ойлаймыз. 

Шараның мақсаты да осы. Яғни мемлекеттік емес ұйымдар жұмысын жандандырып, жастардың тың идеяларын іске асыруға қолдау көрсету. 

Санира ЖҮСІПОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ПОФ ТӨРАЙЫМЫ: 

Екі күндік семинар тренингтен алған әдістерін олар өз мемлекеттік емес ұйымдарында және ауыл-аудандардағы жастармен жұмыс жасауға жүзеге асыруға үлкен ықпал болады деп ойлаймын. 

Мұндай шара бұған дейін 17 өңірде өтті. Оған жалпы саны 1000-нан аса жас қатысып, тың идеяларымен бөліскен. Дегенмен жолдың сапасын арттырып, әрі қоқысты кәдеге жаратуды көздейтін Әлішердің жобасы да қолдауға зәру. Енді ол қағаздағы идеясын іске асыратын демеуші іздейді.   

Ө. Қуанар