Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 13 жастағы жасөспірім суицидке жол берді

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2019
  • 3529

Ақтөбе облысында жетінші сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. 13 жастағы баланы жақындары сарайда асылып тұрған жерінен тапқан. Бұған не себеп болды? Тілшіміз анықтауға тырысып көрді.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Қайғылы жағдай Алға ауданы Қайындысай елді-мекеніндегі өзі үйінде болған. Асылып қалған жасөсірім сол ауылға қыркүйектің басында ғана Алматы облысынан көшіп келген. Бала жаңа мектепке үш күн ғана барып үлгеріпті.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

12 қыркүйек күні түскі уақытта Алға ауданы Қайындысай елді мекенінде анасы өз баласын дарға асылып тұрған өлі денесін тауып алған. Бала 2006 жылғы. Жанұя толық. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Ол шағын мектепке қабылданған. Білім басқармасының дерегінше, оқушылармен де, үйдегі ата-анасымен де ешқандай мәселе болмаған. Ал сол күні сабақтан келе малды жайғамақ болып сыртқа шығып кетіпті.  

Нұлгүл БЕРТІЛЕУОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бала жетінші класста оқиды. Мектеп шағын комплектілі мектеп. Бір класта бар болғаны үш бала ғана оқиды. Яғни жаңа келген балаға бір өзінің сыныптастарымен кикілжің бір қақтығыс түсініспеушілік сияқты оқиға мүлдем болмаған және өз отбасындада ата-анасымен кикілжің орын алмаған.

Жасөсірімді мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Дегенмен психологтардың өз болжамы бар. 

Ирина УКРАИНЦЕВА, ПСИХОЛОГ:  

Бұл жерде түрлі факторлар болуы мүмкін. Ең әуелі баланың ата-анасының үмітін ақтамадым деген ішкі жан дүниесіндегі үрей. Өз қатарластырынан қандайда бір қысым болуы мүмкін. Қазір балалардің жан дүниесі өте нәзік. Олар әрбір сөзді көңілге алады.

Асылып қалған жасөсірім отбасынның тұңғышы. Оның артынан ерген үш қарындасы бар. Қайғылы жағдайдан кейін қара жамылған отбасы Алматы облысына қайта қоныс аударып үлгерген.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Айта кетейік, балалар арасындағы суицидке қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы бағдарламалар қолға алынған. Десе де, бұл жыл басынан бері өңірде жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу фактісі бойынша тіркеліп отырған, бұл- төртінші жағдай.

Б. Рахметова