Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда "Таза сессия" акциясы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2019
  • 5864

Елде "Таза сессия" акциясы басталды. Мақсат ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың жай күйін анықтау. Өткір мәселенің шешімі қандай? Білім ордаларына жолданған анонимді сауалнама мен жатақханаларға жүргізілген мониторинг жайлы тілшіміз тарқатады. 

Оқу орындарындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен белсенді күресіп жүрген жас отандықтар, алдымен агротехникалық университетің студенттерімен кездесті. Оларға анонимді әдіспен сауалнама толтыруға шақырды.

Бағдәулет ЖАНДІЛДАЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ НҰР-СҰЛТАН қ.ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жұмыстарды қараша айында қысқы сессия және жазғы сессия кезінде жүргізетін боламыз. 

Гүлназ Сейітқамал болашақ аграном. Екінші курс студенті, ол оқу процесі кезінде ешқандай жемқорлықты байқамадым-дейді.

Гүлназ СЕЙІТҚАМАЛ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ СТУДЕНТІ :

Ең біріншіден студент мұндай жағдайдың алдын-алу үшін сабғын жақсы оқуы керек. Сол кезде ғана сақтана аламыз. 

Белсенді жастар мұнан соң жатақханалардағы жағдайға қанықты. Бір ғана Еуразия ұлттық университетінде 3 мың студент жатақханаға мұқтаж.  

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:   

Жоспарға сәйкес бұл бөлмелер екі адамға арналып салынған. Бірақ, жатақхана тапшылығынан әр бөлмеде 4 адам өмір сүреді. Мәселенің түйіткілі күрделі. Десе де университет басшылығы жуықарады мұның шешімін таппақ.

Ректор алдағы екі жылда инвесторларды тарту арқылы жатақхана жетіспеушілігін толық шешетінін айтты. Сондай-ақ Ерлан Сыдықов студенттер үйін салуда жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ РЕКТОРЫ:

Әлеуметтік мәселе болғандықтан ЖОО-да 5-6 пайызбен кредит алуға мүмкіндік болса, әр университет өз күнін өзі көріп, өз ақшасына жатақхана салып алар еді.   

Қазір ел аумағындағы 30 мемлекеттік және 11 ұлттық ЖОО-на бақылау күшейтілген. Бұдан бөлек жеке меншік білім ордаларының сайттары да тексерілмек. Ал, оның нәтижелері биылдан бастап ашық жарияланатынын болады.

Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Партия ашықтыққа ден қойып, қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істеуді бетке алып отыр. Сондықтан, халық тіпті әлеуметтік желі арқылы да өздерінің ұсыныстарын жолдай алады.  

Жиналған материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жөнелтілмек. Ал, департамент мамандары қорытынды деректер бойынша тексеру амалдарын жүргізуі тиіс.

Ғ. Өтемісов