Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелде бой тасалап жүрген М.Әблязов Қазақстаннан қорқып отыр, - Бас Прокуратура

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2019
  • 3266

Шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әблязов Қазақстаннан қорқып отыр. Бас прокуратураның пайымы осы. Қоғамдық Олардың дерегінше Францияда тұрақтаған экс-банкир қазір тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де қуғынға ұшыраған. Осы шілде айында ғана Нью-Йорк соты оны "алаяқ" деп таныды, деді. Бұған дейін Лондондық сот та дәл осындай тұжырымға келген. Одан 4 млрд доллар өндіріп, 22 айға бас бостандығынан айырған болатын.

Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, БАС ПРОКУРАТУРА ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан Әблязовты қудалауды жалғастыруда. Ол мұны жақсы біледі. Сондықтан қорқып та отыр. Саяси себептерді сылтауратып қуғынға ұшырап отырмын дейді. Алайда оның ісіне саясаттың еш қатысы жоқ. Ұлыбританияның ІІМ оны босқын статусынан айырды. Содан кейін ол Францияға қашып кетті. Енді өзі алдап кеткен отандастарын сырттай билікке қарсы айдап салып отыр.

Бас прокуратура Мұхтар Әблязов бастаған заңсыз шеруге қатысушылардың да жазаға тартылатындығын ескертті. Ел аумағында тыйым салынған ұйымның 21 қыркүйек күні шеру ұйымдастыру жоспары бар. Сондай-ақ, құзырлы орган Рысқалиевтерден 44 млрд теңге мемлекетке қайтарылғанын хабарлады. Атырау облысының бұрынғы әкімі мен оның экс депутат інісі ел қазынасынан 72 млрд теңге жымқырған деп айыпталған болатын. 

А. Мүтәлі