Италияда
велоспорттан «Джиро дель Трентино» көпкүндігі басталды. Командалық есепте бақ
сынаған «Астана» клубы қарсыластарының алдын орап кетті. 12 шақырымнан
тұратын жарыс жолын 13 минут 30 секундта
бағындырды. Жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойған Ұлыбританияның «Скай» командасы
екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны Франция клубы еншіледі.
Бұл жетістігінен
кейін «Астана» командасының спортшысы Валерио Аньоли жалпы есепте көш бастады.
Бүгін командалар 220 шақырымнан тұратын жазық жолда өзара мықтыны анықтайды.
Жеңімпаз 22-ші сәуір күні белгілі болады.
Самат ҚАНАҒАТОВ