Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда газ тағы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2017
  • 2338

Ақтауда сұйытылған газ тағы 5 теңгеге қымбаттады. Бұл жолы баға «Қазмұнайгаз» бекетінде ғана өзгерген. Жекелеген бекеттерде газдың литрі шілде айынан бері 45 теңгеден сатылып келеді. Ал мемлекет меншігіндегі газ құю орындарында бағаның құбылуын шенеуніктер бөлшек сауда нарығындағы жағдайдың тұрақталғанымен байланыстырады.

Жазда Ақтөбе газын жеткізу құны 40-тан 45 теңгеге қымбаттағанда, "Қазмұнайгаздағы" баға 40 теңгеден аспады. Өйткені онда жергілікті өнім сатылған. Осылайша жеті мемлекеттік газ құю бекетінде шеті мен шегі жоқ кезек пайда болды. Ал шенеуніктер бұған таксистерді кінәлайды. Осыдан кейін бағаны өсіру туралы шешім қабылданған көрінеді.

Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Адамдар 5 теңгені үнемдеп, кезекке тұрады. Басқа бекеттердегі баға 5 теңгеге қымбат, бірақ кезек жоқ десе де бармайды. Сондықтан кезекті жою үшін "Қазмұнайгаз өнімдерінің" бас кеңсесімен келісіп, бағаны бірдей қылып өсірдік.