Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда полицей өз үйінің гаражында асылып қалды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2019
  • 2786

Павлодарда полицей өз үйінің гаражында асылып қалды. Оқиға таңғы уақытта болған. Тәртіп сақшысының не себепті өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.  Белгілісі 34 жастағы Руслан Оспанов - Павлодар аудандық полиция бөлімі басшының орынбасары қызметін атқарған. Полиция майоры. Құқық қорғау саласында 12 жыл жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу басталды, жұмбақ өлімге байланысты қызметтік тексеру де қолға алынды. Ал, Руслан Оспановтың артында бір баласы мен аяғы ауыр әйелі қалған. Кейбір ақпарат көздері: "марқұм, суицидке итермелеген адамның есімін атаған" деген ақпарат жария етті. Бірақ бұны полицейлер растамады.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өзі де қызметке адал болатын. Ешқандай қиындық көрмейтін. Әрқашан күлімдеп ойнап, қызметті жақсы атқаратын.

Ө. Қуанар