Русский Сайттың толық нұсқасы

Албаниядан жер сілкінісінен зардап шеккендер саны көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2019
  • 2252

Албаниядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді. Соңғы деректерде 107 адам түрлі жарақаттармен жеткізілгені хабарланды. Зілзаланың артына 297 рет жер тербелісі қайталаған. Негізгі соққы ел астанасы Тирана қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан Дурресда орын алған. Тақырыпты тілішіміз жалғастырады. 

Магнитудасы 6 балл болатын жер сілкінісі, түстен кейін басталған. Бірден тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. 600-ге жуық үйге зақым келді. Көліктер мен ғимараттар да қираған. Үрейленіп қалған тұрғындар үйлеріне қайтып баруға жүрексінеді.  

Агрон ПЛОТНИК, ТҰРҒЫН: 

Өте қатты жер сілкінісі болды. Құдды бір қайықта болғандай күй кештім. Адамдардың барлығы қатты қорықты. Көптеген адамдар лифті пайдаланғысы келді, бірақ ол істемеген соң баспалдақпен төмен түсуге тура келді. Жарақат алғандар болды. Бір әйелдің аяғы сынды.

Қазір көптеген аудандарда электр жарығы жоқ. Тирана билігі шығынды есептеп, қаланы қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді.Тұрғындар есік алдындағы көліктерді тұрғын үйлердің қабырғасы басып қалғанын көзімен көрген.   

Кемаль ЖАБОЛЛИ, ТИРАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Халық үрейленіп қалды. Барлығымыз қауіпсіз орынға бой тасалауға асықтық. Үйімізден шықсақ лифт жұмыс жасамай тұр екен. Амалсыздан үй-ішімізбен баспалдақпен түстік. Шынымды айтсам, әлі ес жиа алмай тұрмын.

Бұндай жер сілкінісі бұл аймақта соңғы 30 жылда болмаған. Апаттың салдарынан премьер-министр Эди Рама Нью-Йоркке сапарын да тоқтатты, ол Бірікккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясының 73-сессиясына қатысуы керек болған. 

А. Данияр