Өз кәсібін ашам деген аналарға жыл соңына дейін қажетті сома бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыдағы көп балалы аналармен кездесу барысында мәлімдеді. Мемлекеттің қолдауымен қоғамға араласып, кәсібін бастауға ниетті аналар жайлы тілшіміз баяндайды.
Жұмыспен қамту орталығында өткен кездесуде «Іскер ана» бағдарламасының құрылымы таныстырылды. Бердібек Сапарбаев бизнеске бет бұра бастаған аналардың құлшынысына оң бағасын берді.
Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда 500 мың деген көп емес шығар. Бірақ 3-4 адам болып бірігу керек. Сол кезде әжептіуір ақша болады. Кәсіп ашуға мүмкіндік.
Мұндай орталықтар әр ауданда ашылған. 3 айға жоспарланған оқу курсында кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді. Білім берумен қатар 16 мың теңге стипендия тағайындалған. Алтын құрсақты ана Гүлмира Жауенова «бет әрлеу» курсын тәмадаған. 3 ай тәжірибе жинақтаған бес балалы ананың кәсіпкер атансам деген арманы бар.
Гүлмира ЖАУЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Сертификат алдым. Конкурстық тексеруде бізге баға берді. Алған тәжірибем үшін бізді үйреткен мастерлерге алғысым шексіз. Жақсы өзіме сенгенннен кейін осы октябрьде тағы да курсқа барып, әрі қарай кәсібімді нықтап жұмыс жасаймын..
Орталықта білім алуға ниетті жандардың қатары көп. Түркісіб ауданында бір айдың өзінде 165 ана өтініш жолдаған. Бүгінде 30-дан аса әйел тігін курсын бітіріп, 4 адам бизнес идеясын ұсыныпты.
Бибіраба НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ, АЛМАТЫ қ. ТҮРКІСІБ АУДАНЫ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Не түсіп жатқан аналар бар. Соның ішінде бизнес 3 анамыз 505 мыңдық гранттан алды үшеуі.Тігін цехын ашу үшін. Бір анамыз 3 миллиондық микрокредитке үміткер болып отыр. Осы бір-екі күнде қорғауға барады.
Орталық 65 мамандық бойынша білім береді. Соның ішінде аспаз, әрлеуші және тігінші мамандықтарына сұраныс жоғары
Ғ. Өтемісов