Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі екі есеге артып, 2,8 млрд долларды құрады. Нью-Йоркте ірі бизнес өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы айтарлықтай нығая түскенін атап өтті. Мәселен, америкалық инвесторлар бүгінде Қазақстанға 45 млрд доллардан аса қаржы салған. Елде 500-ден аса АҚШ компаниясы жұмыс істейді. Мемлекет басшысы электронды сауда саласындағы әріптестік жайлы сөз етті.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазір біз экономиканы цифрландыру жұмысын басымдыққа алып отырмыз. Қазақстан Үкіметі үшін бұл күн тәртібінде тұрған міндет. Әрі электронды сауда саласындағы біздің жұмысты сіздердің компаниямен байланыс нығайта түспек.