Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде бруцеллез мал көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2019
  • 2644

Қызылжар өңіріндегі малдың арасында бруцеллез ауруы белең алып барады. Ветеринарлар жүргізген сараптамаға сәйкес, аталған дерт 19 ауылда анықталған. Бұл мәселе облыстық әкімдіктің алқалы отырысында белгілі болды. Жауапты тұлғалар берген мәліметке сенсек, 300 мыңнан астам ірі қара тексерістен өтіп, бір жарым мыңға жуық сиыр-бұқада жұқпалы ауру белгілері байқалған. Қазір аймақта бұл аурудың алдын алу үшін малға жаппай екпе жасау қолға алынды. Аурудың дендеп бара жатқанын сала мамандары шаруалардың ортақ тәртіпке енжар қарауымен түсіндіреді. 

Берік ӘЛЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

Шаруашылықтар білгенін істеп отыр. Малды сатып алатын болса, бізге ескертпейді. Жұрттың малды ұстау мәдениеті төмен. Жыл басынан бастап 300 факті тіркелген, яғни ірі қараны бізге хабарламастан алып келу бойынша. Ережені бұзғандарды біз әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз.

А. Құрманкин