Бүгін Нұр-Сұлтанда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова келушілердің сауалдарына жауап берді. «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауында түрлі мәселе көтерілді. Бірі қолөнерге тиісті көңіл бөлінбей жатыр десе, бірі ішкі туризімді дамытуға қатысты ұсыныс айтты. Министр ұсыныстарды қабылдап, сала мамандарымен кеңесетінін жеткізді. Жалпы, осы жылы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 47 кездесу өткізіпті.
Бауыржан ҚАСАБЕКОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ :
Сегіз айда осы 2019 жылы бізде, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде 47 қабылдау өткізілді. Онда 500-ден астам азамат қабылданып, содан кейін біздің сараптау мәселесінен кейін 45% оң шешімін тапты.
Ә. Өмірзақ