Русский Сайттың толық нұсқасы

Үшінші топтағы мүгедектер жұмыс істейтін дәмхана

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2019
  • 4206

Елордада ишарат тілінде қызмет көрсететін ерекше дәмхана бар. Мұнда есту және сөйлеу қабілетінен айырылған 16 адам жұмыс істейді. Әлеуметтік жобаның авторы дәрігер Азамат Базылов. Кәсіп иесімен әріптесім Жанар Арғынова тілдесіп келді. 

«Күлімсіреңіз! Сізге ерекше адамдар қызмет етеді». Иә, аты айтып тұрғандай мұнда есту қабілеті нашар және сөйлей алмайтын мүгедектер жұмыс істейді. Олардың бірі аспаз, енді бірі даяршы. Ринат Алматыдан жұмыс үшін арнайы келген. Құлағандыға құрылғы оның келуФшілермен тілдесуіне мүмкіндік береді.     

Ринат НҰРЫМ, ҮШІНШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК: 

Өте жұмысым маған ұнайды. Мен қазір администратор көмекші ретінде жұмыс атқарып жүрмін. Официаттарға, бармендерге түсіндіріп айтамын қандай көмек керек екенін.

Кәсіпті ашқан Азамат Базылов, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіруіме ағам себепші болды ,- дейді.   

Азамат БАЗЫЛОВ, ЖОБА АВТОРЫ:  

Ең маған жақын контингент осы құлағы естімейтін, үшінші топтағы мүгедектер. Өйткені өзімнің ағамның құлағы естімейді.

Бір-біріне деген өзіне деген мейірімдігі ерекше дамыған. Кетіп бара жатқан кезде, қоштасқанда құшақтап кетеді. Сонысы қызық.

Кәсіпкер дәмхананы ашу үшін пәтерін сатып, несие де алған. Оның айтуынша әлеуметтік жобаны қолдаушылар аз. Бүгінде ол 16 жанға жұмыс беріп отыр. Олар күніне екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Айлықтары 100 мыңнан жоғары.  

Жанар АРҒЫНОВА, ТІЛШІ:

Қалаған асыңызға тапсырыс беру үшін ишарамен көрсетіп, әріптер арқылы тапсырыс берсеңіз болады.

Мүгедектерге ас үйдің қыр-сырын үйрету үшін бас аспаз Хадиша Елемесова өзі қызығушылық білдіріпті. Айтуынша, бастапқыдан қиын болғанымен қазір олардың жұмысына көңілі толады.    

Хадиша ЕЛЕМЕСОВА, БАС АСПАЗ:

Бұларды қалай өзіңе жақын тартасың, солай тез қабылдайды. Жұмысқа деген ынталары, өте мықты. Тез ұғады. Егер арасында түсінбей қалысып жатсақ, жазып, әріппен де жұмсай алам.

Ашылғанына үш ай болған дәмхананың тұрақты қонақтары да бар. Мұндағы қызметкерлер өте еңбекқор әрі мейірімді дейді тұрақты келушілердің бірі Жұлдыз. 

Жұлдыз АЙЫМБЕТОВА, ТҰРҒЫН: 

Бұл жердің ерекшелігі әрине әсері. Өте әсерлі. Бұл жердің қожайынына үлкен рақметімізді айтамыз. Өйткені бұл игілік іс.

Қалай болғанда да бұл жобаның тиімділігі жоғары. Мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді.  

Ж. Арғынова