Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі мектеп оқушылары виртуалды зертханамен жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2019
  • 6237

Қазақстандық өнертапқыштар оқушыларға арналған «Эверлепс 1.0» виртуалды зертхана қосымшасын құрастырды. Енді физика, химия пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды 3D модельде өткізуге болады. Жоба- жаңа оқу жылынан бастап, тәжірибеден өткізіліп жатыр.

Жаңа жоба биыл Ақтөбедегі мектеп-лицейдің біріне пилоттық негізде енгізілді. Жасанды зертхананы 7,8,9-шы сыныптар физика және химия пәндерінде пайданалып жүр. Оқу үлгерімінде оң нәтиже байқалса, онда бағдарламаны Қазақстанның барлық қазақ тілді мектептеріне енгізу жоспарлануда.  

Алтынгүл БАҚЫТЖАНОВА, МҰҒАЛІМ:

Кез-келген зертханалық жұмысты біз, қаншама үлкен бірнеше құралдарды жалғап отырмай-ақ, уақытты үнемдеп, осы бір ғана немен жасауға болады. Жанағы зертхананада біз есептерді нақты шығарып алуымызға болады. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнына байланысты беріліп тұрған барлық зертхананы бір ғана планшетпен, бір ғана көзілдіріктің көмегімен жасаймыз.

Бағдарламаны ІТ мамандары 3 жыл көлемінде құрастырған. Мұнда қамтылған тақырыптар педагогтардың тəжірибелері мен ой-пікірлері негізінде және оқулықтар базасына сай ықшамдалған. Жақында бұл жобаға 10-11 сыныптар да көшетін болады.

Мейіржан СЕРІКБАЙҰЛЫ, БАҒДАРЛАМАНЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Қазіргі таңда жаңартылған оқу мазмұны бойынша 10-11 сыныптар аралығында оқулықтар шыққан жоқ. Сол шыққанын күтіп отырмыз. Шыққан бойда 10-11 сыныптар қамтылып, 6-11 сынып аралығын қамтыған обновление шығарамыз.

Виртуалды зертхана бағдарламасы қолдануға ыңғайлы етіп жасалған. Лабороториялық жұмыстарды өткізуде ғаламтор желісі қолданылмайды, тек планшеттерге арнайы қосымша жүктеледі.

Руслан ХАЙЫРМҰҚАНБЕТОВ, БАҒДАРЛАМАНЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Бұл бағадарламаның жасалу жолы - бірінші сценарий жазылады, содан кейін аниматорларға ұсынамыз. Олар анимацияны енгізгеннен кейін, программистерге береді. Сосын бағдарлама виртуалды көзілдрікке салынады. Бұл очкидің тиімділігі барлық құрал-жабдықтың орынын бір өзі алмастырады.

Виртуалды сабақ оқушылар үшін тың жоба. Теория мен практиканы сабақтастыруда тиімді.

Әлихан АСҚАРҰЛЫ, ТІЛШІ:

Зертханалық жұмыстарды витруалды жүргізу үшін 3D көзілдіріктері қолданылады. Оның көмегі арқылы адамның көз алдында қазақтың киіз үйі үлгісінде жасалған жасанды зертхана елестейді. Ал қазақы үйдің ішінде орнасқан ұлттық тұрмыстық бұйымдар ғылыми жұмыстарды жасауда қолданылатын құрал-жабдықтар ретінде ойластырылған.

Мұндай жобаның жетілген түрі, АҚШ-тағы жоғарғы оқу орындарында қолданыста бар. Бағдарамаға қазір Ресей қызығушылық танытқан. Жоба мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да тиімді. Өйткені, оның көмегімен үйде отырып, оқу бағдарламасын меңгеруге болады.

Ә. Асқарұлы