Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік компаниялар әлі күнге қазақстандық жұмысшыға экспаттардан 4 есе кем жалақы төлеп отыр

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2019
  • 3044

Атырауда шетелдік компаниялар жүгенсіздігін тоқтатар емес. Әлі күнге қазақстандық жұмысшы шетелдік қызметкерге қарағанда 4 есе кем жалақы алады. Бұл туралы аймақтағы еңбек инспекциясының тексеріс жұмыстары барысында белгілі болған. Мәселен, лауазымды қызметтегі экспат күніне 400 долларға дейін алса, дәл соны алмастыратын қазақстандық жұмысшыға күніне 40 мың теңге төленген. Сондай-ақ "инженер" ретінде рұқсат алған шетелдік маман, белгісіз себептермен "супервайзер" лауазымын атқарып жүргені анықталды. 

Игілік ӘУБӘКІРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сондықтан ондай фактілер бар тиісті нұсқамалар беріледі, әкімшілік іс қозғалады және де рұқсатнамаға сәйкес жұмыс істемеген мамандар рұхсаттары кері қайтарылады.

Мамандар заңды белден басқан шетелдік компаниялардың атын атап, түсін түстемеді. Мұны тексерістің аяқталмауымен түсіндірді. Алайда жыл соңында қорытындысын жариялаймыз,-дейді. Естеріңізге салайық, 29 маусымда "Теңізшевроилдың" мердігер компаниясы жұмысшылары арасында қақтығыс орын алды. Сарапшылар бұған жұмыстағы алалаушылық себеп болғанын айтты. Осыдан кейін шетелдік компанияларда тексеріс басталды. 

Б. Нәдірқызы