Русский Сайттың толық нұсқасы

Судья Иван Носковтың құнды дүниелері мұражайға табысталды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2019
  • 2217

Судья Иван Носковтың құнды жәдігерлері ҚР Жоғарғы сотының тарих және құқық мұражайына табысталды. Мұражай қоры Николай ІІ 1914 жылы 10 қарашада бекіткен «Сот актілерінің 50-жылдығына арналған» сот саласының үздіктеріне берілген төс белгімен толықты. Сөт төрелерінің лауазы мен дәрежесін көрсететін «Бейбітшілік әділдігі» - император Александр ІІ 1865 жылы 31 желтоқсанда бекіткен сирек кездесетін көне белгі де бар. Сондай-ақ, бір ғасырлық тарихы бар Иван Носковтың ілмектері мен кітаптары да мұражай сөресінен орын алды. 

Игорь БАТОВ, ИВАН НОСКОВТЫҢ ҰРПАҒЫ: 

Мен арғы атам жайлы естеліктерді бала күнімнен естіп өстім десем де болады. Әжем атамнан қалған жәдігерлерді сақтап, маған аманаттап берген. Келер ұрпақ өткенді білуі керек. Қиын-қыстау кезеңде өз заманының алды болып, еңбек еткен тұлғаларды ұмытпағанымыз жөн деп ойлаймын.