Русский Сайттың толық нұсқасы

2019 жылғы 100 жаңа есім жобасына өтініштер қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2019
  • 2668

Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі жобасына өтінім қабылдау ашық. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілетін жоба мақсаты - елге еңбегі сіңген азаматтарды көрсету. Биылғы жоба жастарға арналады. Оған 39 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Әділқазы алқасы мен ресми сайтта ең көп дауыс жинаған қатысушылар жеңімпаз болады. Нәтижесі желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін презентацияда жарияланады. 

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Екі жылдың ішінде 5000-ға жуық адам қатысты. + 2 000 000 ға жуық дауыс берілді қазақстандықтар біледі осы жобаның аясында. Бұдан бөлек 130 қазақстандық қазір осы "100 жаңа есім" жобасына ілінді. Сондықтан да бұл жобаны өте маңызды деп есептейміз. Осы жылдың соңына дейін 3-нші этапты өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. 

А. Данияр