Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысы әкімінің орынбасары алаяқтық бабымен тергеуге алынды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2019
  • 1858

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қызметін пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов растады. Қазір шенеунікке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Тергеуші прокуратураға айыпталушыны үйқамаққа қамау туралы өтініш жіберді. Тергеу амалдарының талаптарына сәйкес қалған ақпарат жарияланбайды.


Г. Утемисов