Қазақстандық спортшы қыздар тәнті етті. Үндістанда су добынан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында әнұран өшіп қалған. Бұрымдылар бір сәт тосылмастан мемлекеттік гимнді акапелламен айтып шыққан.
Бүгін ұлттық құрама спортшыларын "Nur Otan" париясы "Jas Otan" жастар қанатының мүшелері зор ықыласпен күтіп алды.
Дәулет КӘРІБЕК, "Jas Otan" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қытай командасымен ойнап жатқан кезде, гимн техникалық ахауларға байланысты 8-нші секундта өшіп қалған болатын. Бірақ біздің жастарымыз саспай, сол жерде гимнді акапелла түрінде айтты. Ол бүкіл әлеуметтік желілерде де, жастардың арасында да уатсап желілерінде тез тарап, біздің жастардың біздің елдің рәміздерін біліп қана қоймай. Оларға деген құрметін, отаншылдық сезімін көрсетті.
Құрама сапындағы Камила Оразбаева ойынның қиын болғанын айтты. 3-орын үшін өткен ойында қытайлық қарсыластарын 11:10 есебімен жеңіп шыққан.
Камила ОРАЗБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Патриотпыз ғой! Әр ұлт өзінің гимнін білу керек.Біз көрсеттік өзіміздің әнұранымызды айтатынымызды. Үшін орын енді, қуанамыз , не істейміз. Енді келесі жолы бірінші орынға ұмтыламыз.
Айта кетсем, су спорты түрлерінен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында атлеттеріміз 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп қайтты.
А. Данияр