Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қыз зорлады деген такси жүргізушісінің ісін тоқтатқан полицейге қатысты қызметтік тексеру басталды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2019
  • 2371

Павлодарда қыз зорлады деген күдікке ілінген такси жүргізушісінің ісін тоқтатқан полицейге қатысты қызметтік тексеру басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Істі өңірдің бас полицейі Амантай Әубәкіровтың қатаң бақылауына алған. Оған зардап шегушінің "қылмыскер әлі бостандықта жүр" деген шағымы себеп болған. Жақында ғана оны департамент басшысы қабылдап, кінәлілердің жазаланатын айтыпты. Айта кетерлігі, қыз зорлады деген факті осыдан 4 ай бұрын болған. Алайда, полиция қызметкері істі аяғына дейін жеткізбей, тоқтатып тастаған. Әзірге оның не себепті бұндай шешім қабылдағаны беймәлім. Белгілісі такси жүргізушісі оны өз көлігінде зорлап, оған қоса қыздың ұялы телефонын да алып кеткен деген күдік бар. Осыған байланысты тағы да сотқа дейінгі сараптама тағайындалыпты. Оның қорытындысы жақын күндері белгілі болады дейді полицейлер. Ал күдікке ілінген әлгі такси жүргізушісі үйленген. Баласы да бар екен.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сондай-ақ, күдіктінің жақын туыстары зардап шегушіге келіп, оның жазған өтінішін қайтарып алу туралы келіссөз жүргізген. Осыған байланысты полиция департаменті  күдіктінің туысқандарымен де тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.


Ө. Қуанар