Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында екі полиция қызметкері ұсталды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2019
  • 2140

Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды. Оған сеніп тапсырылған өзгенің мүлікін заңсыз пайдаланды деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар, осы іке қатысы бар ішкі істер органдарының лауазымды қызметкері Жұмалинаның үсітінен де іс қозғалды. Полиция департаментінің мәліметінше, лауазымды қызметкерлер жыл бойы мүліктерді заңсыз қолданып келген. Қазіргі уақытта полковник Садуов қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға 2018 жылдың сәуірінде тағайындалған. Ал Жұмалина құқық қорғау саласында 20 жыл қызмет еткен, 7 жыл Ақмола облыстық полиция департаментінің қаржылық қауіпсіздік бөлімін басқарған.

А. Алихан