Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы әскери бөлімдерде дабыл қағылды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2019
  • 1879

Қазақстандағы әскери бөлімдерде дабыл қағылды. Қорғаныс министрінің хабарлауынша, бұл бөлімшелердің тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру мақсатында өткізілген. Ведомство мұндай оқу-жаттығуды Қапшағай гарнизонындағы десанттық-шабуылдау, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімдерінде жасаған. Тексеріс кезінде белгіленген аудандарға марш жасап, оқу-жауынгерлік тапсырмалардың орындалуы қадағаланды. Сонымен қатар, командирлермен әртүрлі шешімдер қабылданды. Жеке құрамның қару-жарақтармен жұмыс істеуі мен жауынгерлік дайындықтары тексерілді.

А. Мүтәлі