Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда үздік отбасы анықталды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2017
  • 1795

Оралда үздік отбасы анықталды. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған шара «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізілді. Батыс Қазақстанда «Нұр Отан» партиясының 35 мыңға тарта мүшесі бар, 274 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Байқауда бағын сынағандар үлгілі отбасы ретінде өзгелерге өнеге береді, дейді ұйымдастырушылар. Отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау мемлекетті дамытудың кепілі екендігі партияның саяси Доктринасында көрсетілген. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық отбасында қалыптаспақ. Шара соңында жүлдегерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Нұргүл Жақыпова, байқауға қатысушы:

Жаңа құрған отбасының бір-біріне махаббатын күшейтеді. Үлкен ата-әжелеріміз қатысып жатыр. Бұдан жастардың алар өнегесі өте көп деп есептеймін. Осы байқауды ұйымдастырып отырған «Нұр Отан» партиясына көптеген алғысымызды білдіреміз.